Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ресми чат-ботты іске қосты.
Салықтық есеп нысандары, бақылау-касса машинасы және салық бойынша пайдалы ақпаратты мына сілтеме бойынша Telegram парақшасынан алуға болады. Алдағы уақытта чат-бот тақырыптар бөлігінде жаңарып, дамып отырады.
Айта кету керек, осыған дейін қызмет көрсетіп келген Телеграм арна мен WhatsApp 1 маусымнан бастап жұмысын тоқтатты.
zhaikpress.kz