21.06.2023, 21:54
Оқылды: 18

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітілген болатын.

1676444185_1552895168_article_b_1500_

Фотоның дереккөзі: opennews.kz

Әдеп кодексінің талаптары лауазым деңгейі мен жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілерге бірдей қолданылады. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмыс процесі барысында туындауы мүмкін түрлі жағдаяттарды ескере отырып, олардың қызметтік әдебінің стандарттарын белгіледі. Мемлекеттік қызметшілердің әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынасы кезіндегі мінез-құлқы бір жүйеге келтірілді.

Әдеп кодексі нормаларының сақталуына ықпал ету әдеп жөніндегі уәкілдің көмегімен жүргізіледі. Өз кезегінде жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітілген. Ережеге сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдің ролі мен қызметі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларының сақтауын, олардың жауапкершілігінің артуын, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануын қамтамасыз етуге бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

Ұжымдағы жайлы моральдық-психологиялық ахуал, әріптестер арасындағы ізгі ниетті қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына оң әсерін тизігетіні сөзсіз. Нәтижесінде мемлекеттік органның да қызмет тиімділігі арта түседі. Осы бағытта, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен анонимді сауалнама жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің атқаратын функцияларының бірі өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

Осылайша, әдеп жөніндегі уәкіл институтын нығайту азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметтегі өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға мүмкіндік береді.

 

М.М.Ермеков

БҚО бойынша көліктік бақылау

инспекциясы басшысының орынбасары,

 Әдеп жөніндегі уәкілі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале