24.10.2025, 17:15
Оқылды: 115

Мемлекеттік қызмет ардагері марапатқа ие болды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыс мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025 жыл аясында еліміздің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген үздік мамандар еңбегі лайықты бағаланып келеді.

154d1eba-b309-4f27-a229-20aba51966ee

Батыс Қазақстан облысы – аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Мұнда ауыл еңбеккерлері өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді.

Осындай ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтардың бірі – ауыл шаруашылығы басқармасының ардагері – Отарбаев Аманбай Жолдасұлы.

Республика күніне орай Отарбаев Аманбай Жолдасұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен  марапатталды.

Аманбай Жолдасұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1974 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша білім алып, ауыл шаруашылығы саласына өмірін арнады.

Ол өзінің еңбек жолын қарапайым агроном болып Орал облысы Жымпиты ауданы КОКП съезі XXII атындағы совхозында бастап (1975-1977 жылдары), тәжірибе жинақтап Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды совхозының №2 бөлімше агрономы, бас агрономы қызметін атқарды (1977 – 1997 жылдары).

Кейіннен 1997-2015 жылғы дейін  Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы мен Ауыл шаруашылығы Министрлігі Батыс Қазақстан облысының аумақтық басқармаларында жетекші, бас маман лауазымдарды қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты

Аманбай Жолдасұлы тәжірибелі маман, қай жұмысты қолға алса да, өз ісіне адал, беріле атқаруға күш жігерін аямаған еңбекқор азамат, үлгілі отағасы.

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан оның еңбегі еленіп, бұл марапат адал еңбектің, елге сіңірген қызметтің шынайы бағасы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале