29.07.2025, 16:00
Оқылды: 128

Мемлекеттік қызмет – бұл адамдарға қызмет ету

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жайлы айтып берді.

WhatsApp Image 2025-07-29 at 16.29.43

– Мұрат Сейлбекұлы, бірінші жартыжылдықтың басты нәтижелері қандай?
– Жартыжылдықтың басты қорытындысы – жүйелі жұмыс пен ашықтық. Өңіріміздегі мемлекеттік органдармен 500 конкурс ұйымдастырылып, оларға 950 үміткер қатысты, нәтижесінде мемлекеттік қызметке 609 адам қабылданды. Бұл мемлекеттік қызметке деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, кадрлардың сапалық құрамы да артып келеді, қазір мемлекеттік қызметшілердің 92%-да жоғары білімі бар, мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 13 жылды құрап отыр.
– Кадр тұрақтылығына қатысты не айтасыз? Мемлекеттік қызметшілерді оқыту қалай жүріп жатыр?
– Облысымызда мемлекеттік қызметтегі жалпы ауысымдылық 18,6%-ды құрайды, ал таза ауысушылық – 2,8%. Аталған
көрсеткіш – қызметшілердің негізгі бөлігі тұрақты екенін білдіреді. Сонымен бірге, жастарды бейімдеу жұмыстары жүргізілуде: қазіргі таңда 109 жаңа қызметшіге тәлімгерлер бекітілді.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының түлектерімен де жүйелі жұмыс жүргізілуде. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген сәттен бастап облысымыздағы ауылдық, аудандық деңгейдегі төмен лауазымдарға мемлекеттік қызметке 59 түлек қабылданды.
Биыл 1 148 адамды оқыту жоспарланған, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 584 қызметкер оқытудан өтті. Тағылымдамадан
90-ға жуық қызметкер өтті. Оқыту мен даму тиімді мемлекеттік аппараттың негізі.
– Өңіріміздегі мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты қай деңгейде?
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тағайындаулар кезінде кандидаттардың кәсіби және моральдық сапалары, сондай-ақ бұрынғы лауазымдардағы нәтижелері ескерілуі қажет екенін, меритократия қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Меритократия, еңбегіне қарай қызметте өсу жүйесі ретінде, мемлекеттік қызметтегі табыс пен мансаптық өсу кәсіби жетістіктерге, білімге және біліктілікке байланысты екенін білдіреді, ал жеке байланыстар мен мәртебеге тәуелді болмайды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жағдайында меритократия қағидаты ерекше маңызды, өйткені ол халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыра отырып, ең білікті және ынталы қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облысында меритократия мемлекеттік қызметтің ашық, есепті және нәтижелі жүйесін құрудың негізі болып табылады, мұнда әрбір қызметкер өз еңбегінің лайықты бағаланатынын
және мансаптық мүмкіндіктері жеке үлесі мен біліктілігіне байланысты екенін түсінеді.
Осылайша, биылғы жылдың 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірде мемлекеттік қызметтегі меритократия деңгейі
77,5%-ды құрап отыр. Өткізілген 66 конкурстың нәтижесінде
31 кандидат жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 77,1% болған еді.
– Заң бұзушылықтарға қарсы қандай шаралар қабылданды?
– Департаментпен есептік кезеңде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақталуын бақылау бағыты бойынша
76 бақылау шарасының нәтижесінде 3 мыңнан астам бұзушылық анықталды, 2 мыңға жуық құқықбұзушылықтар жойылды,
237 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды.
Осылайша, Департаменттің бастамасымен жұмыс кестесі сақталмаған мемлекеттік органдардың басшыларына ұсыныс енгізіліп, 147 мемлекеттік қызметшіге қосымша демалыс уақыты ұсынылды.
Сондай-ақ, Департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, есептік кезенде 2 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, еңбек демалыса ақы төлеу мерзімдері бұзылғаны үшін тиісті 26 мемлекеттік қызметшіге 22 мың теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.
Облыстағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 41 мемлекеттік қызметшіге тиісті 9,6 млн. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.
– Қызметтік әдеп пен тәртіп мәселелері де назарда ма?
– Міндетті түрде, ол бағытта біз профилактикалық жұмысты жүргізудеміз.
Сонымен бірге, аталған мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралады, өткен кезеңде 6 отырысы өтті және күн тәртібінде 33 мәселе қаралды. Әдеп жөніндегі кеңестерде қаралған тәртіптік істердің нәтижелері бойынша 10 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаментпен қоғамдық резонанс тудырған әрбір дерек бойынша жедел шаралар қабылданды, оның қызметтік тергеп-тексеру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ресми түсініктемелер мен мәлімдемелер жарияланды, расталған құқықбұзушылықтар бойынша жекелеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды.
Бұл ретте, Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі жариялымдар бойынша 3 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты азаматтардың жарияланымдар ерекше назар аударылды. Барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралып, қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
– Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне де ерекше назар аударылады.
Осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?
Қазіргі таңда қызметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту басым міндеттердің бірі. Осы мақсатта цифрлық технологияларды енгізу және процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет ең алдымен қоғамға қызмет ету дегенді білдіреді. Біз тек мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғап қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына деген сенімді арттыруға тырысамыз.
Осылайша, Департаментке қызмет алушылардан келіп түскен 12 шағым бойынша келтірілген дәлелдері расталды, қабылданған шаралар нәтижелері бойынша олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментпен қашықтан мониторинг жүргізу бағытында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмттердің мерзімі бұзушылықтары мен негіссіз бас тартуларды алдын алу мақсатында қашықтан бақылау жұмысы жалғасуда.
Аталған бағыттағы жұмыстың нәтижесінде 6993 заң бұзушылық анықталып, оларға жол берген кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершіліктерге тартылды.
– Жартыжылдық қорытынды ретінде қандай тұжырым жасар едіңіз?
– Мемлекеттік қызмет – бұл адамдарға қызмет ету. Біз үшін басты басымдық – адам, ал басты мақсат – сенім мен әділеттілікті қамтамасыз ету. Алда әлі де ауқымды жұмыстар бар. Бірақ басты ұстанымымыз өзгермейді: «Ең алдымен – адамдар».

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале