12.02.2025, 20:01
Оқылды: 427

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін жастарға талаптар жеңілдетілді

Қазіргі әлемде мемлекеттік және жеке секторлар үшін басым міндетке айналған адам ақыл-ойы мен таланттарды іздеу үшін күрес белсенді дамып келеді.

1Сурет: ile-tany.kz

Өз кезегінде, мемлекет орта білім беруді қамтамасыз етуге кепілдік береді, жыл сайын жоғары білім алу үшін ондаған мың грант бөледі. Мемлекеттің қоғам өмірінде атқаратын рөлін ескере отырып, болашақта мемлекеттік қызмет қатарын, ең алдымен, мемлекет есебінен жұмыс істейтін білім беру мекемелерінің үздік өкілдерімен толықтыруға сену орынды болар еді.

Осындай әрекеттер пайда әкелуге және ел мүддесі жолында жұмыс істеуге, ел азаматтарының әл-ауқатына өз үлесін қосуға, демек, жастар арасындағы патриоттық көзқарасқа тұрақты сенімді мақсатты түрде қалыптастыру болып табылатыны анық.

Бәсекелестіктің қалыптасқан шарттары мемлекетті 2023 жылы аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардың төменгі лауазымдарына жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің кіру рәсімін жеңілдетуге ынталандырды.
Қазір мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалуда.

Бұл тетік білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.
Норма енгізілгеннен бастап мемлекеттік лауазымдарға 49 жоғары оқу орындарының түлектері орналасты (2023 жылы – 9, 2024 жылы – 40).
Қазіргі таңда олар бас және жетекші маман лауазымдарында қызмет атқаруда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале