11.06.2024, 14:30
Оқылды: 87

Мемлекеттік қызметшілерді заңсыз әрекеттерден қорғау барысы қалай жүргізіледі?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның негізгі талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді. Мемлекеттiк қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепiлдiктер белгіленген. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазды.

ЖП, әкімдік

Алайда, дербес мемлекеттік органдармен аталған кепілдіктер сақталмайды. Осылайша, Департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 2024 жылғы 1 тоқсаны қорытындысымен жеті мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Осыған қоса, жекелеген мемлекеттік органдардың қызметшілері жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделмегені анықталып, мониторинг нәтижесі бойынша 34 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, оларға демалыс уақыты ұсынылды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 40 мемлекеттік қызметшіге тиісті 2 416 143 теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Сонымен қатар, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілерге бағалау қорытындысы бойынша бонус төлеу басталды. Кейбір мемлекеттік органдармен заңнама талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан мемлекеттік қызметшілерге төленуге тиісті бонустар төленбеген жағдайлар орын алған.

Бұл ретте департаментпен екі мемлекеттік қызметшіге негізсіз 312 998 теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік үстемдігі қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет әдептілік қағидатына негізделеді, демек, мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдепті сақтауға тиіс.

Алайда, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанбау және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол беру фактілері анықталуда.

Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекспен көлік құралын масаң күйде басқаруға мүлдем жол берілмейді.

Алайда, дербес аудандары мемлекеттік қызметшілер автокөлікті масаң күйде басқарған.

Бұл ретте департаменттің ұсынымы негізінде аталған тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдептің ашықтық және сыпайылық қағидаттарына негізделетінін естен шығармауы қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале