Ротация – мемлекеттік қызметшінің басқа мемлекеттік органға немесе мемлекеттік орган құрамындағы ведомствоға немесе мемлекеттік органнық басқа құрылымдық бөлімшесіне лауазымдық ауысуын білдіреді.
Сурет: ortcom.kz
Ротация мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді түрде пайдалану, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру мақсатында жүргізілдеді.
Ротация институты Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен енгізіліп, ротация саяси, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ, «Б» корпусы қызметшілерінің бірінші басшылары міндетті болып келеді. Ротация сайланатын мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың қараша айында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, міндетті ротациялауға жататын санаттардың тізімдері кеңейтілді. Енді осы қатарған мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарлары мен қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары енгізілді.
Аталған өзгерістерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысы бойынша 8 мемлекеттік қызметші ротация тәртібімен басқа лауазымдарға тағайындалды, 6 мемлекеттік қызметшіге лауазымды болу мерзімдері ұзартылды.
Ротация орталықтан өңірге, өңірден орталыққа, өңірден өңірге, орталықтан орталыққа, өңірдің шегінде жол берілген.
Мемлекеттік қызметшілерінің ротациясы бос мемлекеттік лауазымдарға және мемлекеттік қызметшілері арасында лауазымдық ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің ротациясы соңғы атқаратын лауазымына тағайындаған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын жүргізіледі және атқаратын лауазымында болу мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте мемлекеттік саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қолдау мақсатында мүгедектігі бар адам, жүкті болып табылатын, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар жалғызбасты ата-ана, көпбалалы ата-ана болып табылатын немесе асырауында мүгедектігі бар ата-анасы не Әлеуметтік кодексінде белгіленген жастағы зейнеткер ата-анасы бар мемлекеттік қызметшілерді басқа елді мекенге көшуге байланысты ротацияға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімімен ғана жол беріледі.
Бұдан басқа, зейнеткерлік жасқа жетуіне үш және одан да аз жыл қалған мемлекеттік қызметші ротациядан босатылады.
Сонымен қатар, басқа елді мекенге ротацияланған қызметшілер қызметтік тұрғынжаймен (жекешелендіру құқығынсыз) қамтамасыз етіледі. Осы институтты дамыту шеңберінде 2023 жылы ротациялық төлемдер енгізілді, олар басқа елді мекенге ротацияланған қызметшілерге қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, тұрғын үй жалдау мақсатында төленеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті