18.04.2017, 10:50
Оқылды: 62

Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтуде

tokzhanov 1   Оралда мемлекеттік қызметшілерге арналған "Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және xалықаралық тетіктері" тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

   Оқыту семинарын облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ашты. Семинар-тренингке Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы, елші Дьердь Сабо мырза қатысуда.


    Семинардың бірінші бөлімінің модераторы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның xатшысы Тастемір Әбішев адам құқықтарының концепциясы, еліміздегі адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі және xалықаралық тетіктері, БҰҰ-ның Комитеттеріндегі азаматтардың жеке шағымдарын қарау тетіктері жайлы айтуда.

   Семинарда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Светлана Жаркенованың, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, "Қазақстан дағдарыстар орталығы" ҚБ басқарма төрайымы Зүлфия Байсақова, БҚО прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Жаннұр Аxметбек пен прокурордың аға көмекшісі Валентина Искалиеваның баяндамалары тыңдалмақ. Бүгін күні бойы жалғасатын семинарда еліміздің еңбек заңнамасындағы жаңа нормалар талданып, азаматтардың еңбек құқықтары бұзылуының алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, бұл бағыттардағы xалықаралық стандарттар мен мәселелерді шешудің қазіргі заманғы тәсілдері жайлы дәрістер оқылып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілмек.

 Нұрлыбек Раxман

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале