13.09.2022, 16:00
Оқылды: 42

Мемлекеттік қызметшілерге планшет таратылуда

eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220913111739264e

«Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратып жатырмыз. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады», - деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, Smart Bridge арқылы интеграциялар оңай жүргізіліп отыр.

«Мемлекеттің азаматтармен қатынасын цифрлық құралдарға көшіру қолға алынды. Мысалы, e-Otinish платформасы өзінің тиімділігін растады. Бүгін әкімшілік сотқа өтініштерді оңай беру үшін Жоғарғы Сотпен интеграция жүргіздік. Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша халықпен кері байланыс бар. Біз eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргіздік. Жасанды интеллект технологиясын қолданып, 1414 кеңес беру қызметін роботтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 94 пайызға жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале