21.11.2023, 11:00
Оқылды: 56

Мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

ba0aba0a-0a61-40dd-abf2-ae9afc74e84b

- Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің шамамен 93%-ы электронды түрде көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда смартфон арқылы көрсетілетін қызметтер саны 6 есеге өсті. Оған қоса азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін қажет етпейтін проактивті қызметтерді енгізу жалғасып келеді. Қазіргі уақытта олардың саны 40-қа жетті, жалпы 2 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Бұған дейін азаматтарға жыл сайын 50 млн-ға жуық қағаз анықтама ұсыну қажет болған. Алайда заманауи технологиялар арқылы бұл процесті цифрлық форматқа ауыстыру мүмкін болды.

Оған қоса бүгінде жұмыс берушілер мен мектептердің бұрынғыша анықтамаларды талап ету фактілері орын алуда.
Бұл мәселені 2024 жылы толығымен шешу жоспарланып отыр.

Бүгінде қазақстандықтар жаңа цифрлық сервистерді жиі қолданады.
Атап айтқанда, олардың қатарында электрондық сенімхаттар беру, автокөлікті онлайн сатып алу-сату, ипотеканы онлайн рәсімдеу және т.б. қызметтер бар.

Осы орайда келесі жылы зейнетақы тағайындау процесі өзгертіледі, ол мүлдем жаңа форматта жүргізіледі, - деді министр.

Министрлің айтуынша, жұмысқа орналасу, интернет қосу, декларацияларды тапсыру, балабақшаға кезекке тұру кезінде талап етілетін анықтамалардың 12 түрін жою бойынша жобалар әзірленіп жатыр.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале