10.03.2017, 10:27
Оқылды: 41

Мемлекеттік нөмірі жалған болып шықты

Passat     Наурыз айының төрті күні шамамен сағат 12.40-та Орал қаласындағы «Евразия» даңғылы бойындағы «Профессионал» сауда үйі қасынан бір көлікті Орал қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының  полицейлері  тоқтатады.


   Күдікті деген болжаммен тоқтатылған көлік иесінің  жалған нөмір тағып, қала ішінде емін-еркін  жүргені анықталды. Толықтай тексеріс нәтижесінде «Фольсваген-Пассат» көлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болды.

   Көлік иесі 1960 жылы туылған Орал қаласының тұрғыны көрінеді. Тәртіп сақшылары тиісті құжаттарды толтырған соң, бұл азаматтың қолынан ешқайда кетпейтіні туралы  қолхат алды.

    Орал қалалық ішкі істер басқармасы  Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 386-бабының 1-бөліміне сай  істі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. Тергеу істері жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале