Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Бөрлі ауданы прокуратурасының 2019 жылдың 4 наурызындағы № 2-0604-19-00387 талабы негізінде «Бөрлі ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» аудит сәйкестігі жүргізумен, «Бөрлі ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқындағы «Аксайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорынымен заңсыз тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен 87 500 мың тенгеге мемлекеттік сатып алу шарты жасақталғанын анықтады.
Шарттың нысаны шаруашылық жүргізу құқындағы «Аксайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорыны теңгеріміндегі жылу-су магистралы күту қызметі болып табылады.
Аудитпен, жылу-су магистралын күту қызметі шаруашылық жүргізу құқындағы «Аксайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорынының қызмет көрсету тарифіне қосылғаны, сәйкесінше тарифке енгізілген күту қызметі шығындары қайта төленуге жатпайтындығы анықталды.
Аудит қорытындысымен 1 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке шарт негізінде төленген 38 500 мың тенгені өндірумен қатар шартты бұзу туралы шаралар қабылдануда.
ҚР ҚМ ІМАК БҚО бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті