«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1) «Үздік мақала»;
2) «Үздік телебағдарлама»;
3) «Үздік радиобағдарлама»;
4) «Үздік сайт мақаласы».
4.Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.
5.Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.
1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
2) 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 20 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;
3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;
8.Конкурс Қағидасының 7-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
9.Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
10.Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды
анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдеріненкемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.
11.Конкурс жеңімпаздарыарнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
Анықтама үшін мекенжайымыз: Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116-үй, 138-кабинет. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы.
Байланыс телефондары: 8 (7112) 50-64-26, факс: 51-54-47, эл.пошта: [email protected], 87028305874, 87781887429.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ»
облыстық конкурсын өткізу
қағидаларына қосымша
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық
конкурсына қатысу үшін
ӨТІНІМ
1) ______________________________________________________________
2) ______________________________________________________________
Қолы
Күні