7.12.2017, 17:52
Оқылды: 62

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, байқау мақсаты – тіл саясаты жайында қалам тербеп жүрген журналистерді қолдау, материалдардың идеологиялық мазмұнын саралау.

- Елде болып жатқан жаңашылдықтардың жаршысы журналистер. Елбасы бағдарламасында мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін нығайту, тіл саясатын насихаттау алғашқы орынға қойылған. Өз кезегінде тілшілер қауымына қолдау көрсету қажет. Байқауға ұсынылған материалдарды Тихон Әліпқалиұлы, Гүлмира Тілеубаева, т.б. сияқты журналистер саралады. Жалпы байқауға 42 материал түсті, - деді А.Әділгерейқызы.

24946126_774059689458784_1474822927_oБайқау қорытындысында төмендегі журналистер келесідей аталымдар бойынша марапатталды.

«Үздік мақала» - Әділет Орынбасаров, «Теректі жаңалығы» газеті;

«Үздік телеарна бағдарламасы» - Мұнайдар Балмолда «AQJAI'YQ» телеарнасының редакторы

«Үздік сайт мақаласы» - Гүлсезім Бияшева, «Орал өңірі» газетінің тілшісі

24992668_774059859458767_1255322995_o«Үздік радиобағдарламасы» - Жамал Қадырова, Қазақстан РТРК БҚО радиосының редакторы.

Байқау үздіктеріне 75 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

Сонымен қатар бірқатар журналистер алғыс хат және 15 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

        zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале