18.12.2025, 16:30
Оқылды: 15

Мемлекеттік Туды көлікке орналастырған азамат жауапкершілікке тартыла ма? Министрлік жауап берді 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды. 

 

жп рәміздер күні (7)
Сурет сайт архивінен 

Атап айтқанда, автокөлік сыртына Мемлекеттік Туды ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.
Айта кетейік, Мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.
Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Қазақстанда «Заң және тәртіп» қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале