8.02.2021, 14:32
Оқылды: 47

«Мен халық жауы емеспін»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «1921-1922 жылдары болған ашаршылықтан халқымыздың басына түскен қасіретті ұмытуға болмайды. Мұны бүгінгі жас ұрпақ жадында сақтауы тиіс» деді. Бұған тарихшылар оң баға беріп, деректер дәлдігін қайта зерттеу қажеттігін де айтып өтті. Осыны ескере келіп, 34 жасында халық жауы атанып, ату жазасына кесілген, Қазақстанда ашаршылық болып жатқаны жөнінде Сталинге хат жазған әйгілі бесеудің бірі болған казталовтық жерлесіміз Мансұр Ғатаулин туралы айтуды жөн санадық.  

5C168AF9-3A79-4343-9A97-2DA2E06C4E66

Әйгілі «Бесеудің хатын» белгілі тұлғалар Ғабит Мүсірепов,  Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев жазды. Зерттеу еңбектеріне көз жіберсек, Мансұр Ғатаулин 1903 жылы Сарыөзен бойында «Ағаш үй» аталып кеткен (қазіргі Әжібай ауылдық  округі) ауылда дүниеге келген. Әкесі Тият Ғатаулин ауқатты отбасынан шыққан татар қызы Бәтимаға үйленген. Елдегі коллективтендіру саясаты бұл отбасының да быт-шытын шығарған. Мансұр жергілікті «Приходская школында» (сол кезде осылай аталған) оқып, түрлі іс-шараға араласқан екен. 1925 жылы талантты жасты Саратовтағы ветеринарлық институтқа оқуға жіберді. Сол кезде ол журналистикамен де айналысыпты. «Еңбекші қазақ» газетіне жиі мақала жазған. Ол өзінің өмірбаянында: «...Перекаючившийся на общественно-политическую работу, оторвался от писательской среды и отошел от литературного творчества» деп келтіре кеткен екен.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №11 санынан оқи аласыздар.

Серік Жұмағалиев,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале