"Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының аясындағы қазақ күресі бәсекесінде +100 келі салмақ дәрежесінде батысқазақстандық палуан Мерей Бердіғали белдесті.

Жартылай финалда жолы болмаған Мерей қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Кіші финалда Шығыс Қазақстан облысының палуанымен күш сынасқан Мерей қарсыласын бір минутқа жеткізбей алып ұрды.
Осылайша ол "Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының қола жүлдегері атанды. Ертең жеңіл және орта салмақтағы палуандар медаль таласына түседі.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz