12.12.2022, 10:30
Оқылды: 56

«Мерейлі отбасы» – мықты мемлекеттің кепілі

Бейсенбі күні оралдықтар «Мерейлі отбасы – 2022» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысқан жерлестерімізді құттықтады.

Мерейлі отбасы

Салтанатты жиынға барлығы 19 үлгілі отбасы жиналды. Мейрамхана залында әр отбасына бөлек дастарқан жайылып, мерекелік атмосфера орнаған. Еркін сипатта өткен іс-шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Мерейлі отбасы» сынды байқаулардың  отбасылық құндылықтарды арттырып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде айтарлықтай маңызы бар екендігін  атап өтті.

– Жыл сайын байқауға қатысатын отбасылардың саны артып келеді. Биылдың өзінде 130-дан астам отбасы бақ сынады. Облыстық кезеңнің үздіктерін құттықтай отырып, мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосқан бірқатар үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымды білдіремін, – деген Бақытжан Хаберұлы әр шаңыраққа, амандық, табыс тіледі.

«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде үшінші орынға ие болған сырымдық Шүйінішқалиевтер отбасыға  –  750 000 теңге, екінші орын алған жаңақалалық Сахметовтер жанұясына – 1 000 000 теңге, бірінші орын бұйырған казталовтық Халықовтар әулетіне 1 500 000 теңге қаржылай сыйақы табыс етілді.

Айта кетсек, жеңімпаз отбасының отағасы,  72 жастағы ақсақал Меңдіхан Халықұлы – педагогика  саласының ардагері, Қошанкөл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Ол – зайыбы  Тойған Шотқызымен бірге 5 бала тәрбиелеп өсіріп, 12 немере сүйіп отырған елге сыйлы қария.

Байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан барлық отбасыға алғысхаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале