БҚО Полиция департаментінің жеке құрамы 12-14 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимдегі қызметке көшеді, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
«Құқықтық тәртіп» шарасына 800-ден аса полиция жұмылдырылмақ. Сондай-ақ көшелерде жаяу және көлік патрульдері көбейіп, БҚО ішкі істер қызметтерінің барлық құрамы мен ҚР Ұлттық Ұланы да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер