Warning: session_start(): open(/tmp/sess_d73fts4u0vgpicg98q4stnpj0k, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Мерекелік пойыздар жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады - официальные новости ЗКО
22.03.2025, 17:30
Оқылды: 231

Мерекелік пойыздар жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Наурыз мейрамы күндері Алматы вокзалынан ұлттық нақышта безендірілген «Алматы – Астана» бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызы салтанатты түрде жолға шықты деп хабарлайды 24.kz

ad814cea-fcf0-4417-88e5-01364b142638

Фото: telegram.org

Перронда жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.
Жолаушылар мен шығарып салушыларға қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттайтын домбыра үнімен сүйемелденген музыкалық бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, әр жолаушыға дәстүрлі тағамдар — наурыз көже мен бауырсақ тарту етілді.

1c5297b0-9bfe-4d86-b27d-459ad964ae1a

«Қарағанды – Астана – Бурабай курорты» бағытындағы қала маңы электр пойызы да жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Этностильде безендірілген осындай пойыздар 2025 жылдың наурызының соңына дейін қатынайтын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале