Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзетте мерзімді әскери қызмет атқару үшін үміткерлерге арналған іріктеу басталды. Бұл туралы БҚО Қоғамдық даму басқармасы мәлімдеді.
«2023 жылғы 1 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерге таңдау және зерделеу жүргізеді.
Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес және 195 см-ден жоғары емес, білімі орта білімнен төмен емес, денсаулығы жақсы.
Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz