Құзырлы орган мәліметінше, тіркеу рәсімінен 37 шетелдік компания өткен. Олардың ішінде «Apple», «Maps», «Google», «Ebay», «Amazon», «Facebook» және «Netflix» сияқты алпауыт корпорациялар бар.
Қазақстан бюджетіне салықтың басым бөлігі Ирландияның «Мeta Platforms Ireland Limited» (1,6 млрд. теңге) және «Apple Distribution International Limited» (1,1 млрд. теңге), сондай-ақ АҚШ-тың «IHerb» компанияларынан (1,4 млрд. теңге) түскен. Сонымен қатар, «Google» 243 млн теңгеден астам қаржыны салыққа бағыттапты.
Ал сингапурлық «TikTok Pte.Ltd», Ұлыбританияның «Audible Limited» және ресейлік «Nexway» мен «AliExpress Russia Holding» сияқты компанияларынан бюджетке мүлде салық түспеген.