Микрокредит алмас бұрын бірнеше маңызды нәрсені ескерген жөн. Қаржы нарығын реттеу және дамтыу агенттігі лайфхактар ұсынды.

Біріншіден, МҚҰ лицензиясын тексеру қажет. Қазақстанда микрокредиттерді тек ресми тіркелген микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) бере алады. Компания атауында «микроқаржы ұйымы» деген тіркес болуы керек, сондай-ақ оның лицензиясын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеріңіз.
Екіншіден, шарттарды мұқият оқу қажет:
Үшіншіден, уақытында төлем жасамау айыппұлдары туралы ұмытпаңыз. Әр кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі, бірақ ол қарыз сомасының 0,5%-нан аспауы керек.
МҚҰ кейде келісімшартқа ақылы қызметтерді (мысалы, сақтандыру немесе кеңес беру) енгізеді. Қосымша шығындарға ұшырамау үшін анкетаны және келісімшартты мұқият тексеріңіз.
Төртіншіден, қарызды өтеу тәсілдеріне назар аударыңыз. Кейбір микрокредиттер (50 АЕК-ке дейін) барлық соманы бірден қайтаруды талап етеді. Шарттарын нақтылап, өзіңізге ыңғайлы төлеу әдісін таңдаңыз.
Динара Насыр