1.08.2024, 15:00
Оқылды: 93

Милад Карими Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карим Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

80983E44-1F49-46E9-91BC-26210AD82DEB

Сурет: Olympic.kz

31 шілде күні Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Қазақстандық гимнаст Милад Карими жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:

Еркін жаттығу - 13.433

Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533

Шығыршықтағы жаттығу  - 12.933

Қол тіреп секіру - 14.400

Қоссырықтағы жаттығу  - 14.066

Көрмелері жаттығу - 12.700.

Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі. Ал оның командаласы Нариман Курбанов 4 тамыз күні тұтқалы ат жаттығуында өнер көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале