Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің айтуынша, стипендиаттардың барлығы дүлей дауыл туралы хабардар. Жағдай ушығып кетсе, жедел әрекет ету үшін студенттермен тұрақты байланыс бар. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: freepik.com
Қазір штаттағы мемлекеттік ЖОО-да Қазақстаннан 31 стипендиат білім алып жатыр.
Ал Би-Би-Сидің мәліметінше, АҚШ-тың Флорида штатына жақындап қалған дауылға байланысты аймақта 5 млн-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.