Іңгәлап дүние есігін ашқан адам баласының одан арғы өмірі «қағазға хатталады». Олай дейтініміз, туғаны, шаңырақ құрғаны, некені бұзуы, аты-жөнін ауыстыруы, бала асырап алуы, тіпті қайтыс болғаны да азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінде тіркеледі. Адам баласына қажетті барлық құжат осы бөлімде жасақталып, оның мұрағатында міндетті түрде сақталады. Биыл осы бөлімнің құрылғанына 100 жыл толады.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 5 наурыз күнгі №17 санынан Орал қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Талғат Қайрекеевтің «Міндеті мен жауапкершілігі зор қызмет» мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress.kz