22.11.2018, 13:59
Оқылды: 35

Емханаларда тіркеу аяқталды

Елімізде міндеттті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу жүзеге асырылуда. Қазақстанда жыл сайын жүргізілетін бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу аяқталды. Биыл тіркеу жұмысы Батыс Қазақстан облысындағы 25 медициналық ұйымда жүргізілді.

c65fd24e-d4f9-4267-9dd9-362d2867f9aa

Оның ішінде төртеуі – жеке клиника. Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, біздің облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне 3 626 адам тіркелді. Бұл жайында БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі брифингі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.

Облыстың 3 626 тұрғыны емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланған.

Емхана арқылы тіркеу тоқтатылатындықтан, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып, арнайы жабдықталған Connection Points бұрышын пайдалануға болады. Сондай-ақ Egov.kz телеграм-бот арқылы смартфонмен онлайн тіркеле беруге болады. Келесі жылы  тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 23 ұйым қызмет көрсете бастайды.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале