20.06.2018, 14:12
Оқылды: 150

Министр Бейбіт Атамқұлов іссапармен Оралға келді

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов іссапармен Орал қаласына келді. Облыс әкімдігінде өткен жиында министр облыс бойынша индустрияландыру және қорғаныс өнеркәсібі қатысты тапсырмалардың орындалу барысын Елбасы басты назарда ұстап отырғанын айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, қорғаныс саласына қатысты өнім шығаратын зауыттардың басшылары, шекара қызметі және құқық қорғау құрылымдарының өкілдері қатысты.


– Бір ай бұрын мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында іссапармен болып, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын көрді. Кәсіпорындарды жаңғыртуға байланысты нақты тапсырмалар берген еді. Бүгін соған байланысты негізгі бағыт-бағдарды саралаймыз. Оның ішінде салалық кәсіпорындарды бәсекелестікке сай жабдықтау жайы қамтылады. Облыста қорғаныс өнеркәсібінің төрт кешені орналасқан. Бұл бағытта 2 мыңдай адам еңбек етеді. Өңірдегі қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындары 13 млрд. теңгеге жуық өнім шығарды, – деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов. Министр «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ кешені мен «Зенит» зауытында болды.

Нұртай Алтайұлы,

Сурет: Темірболат Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

atamkulov (2) atamkulov (3) atamkulov (4) atamkulov (6) atamkulov (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале