Кеше Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев облысымызға жұмыс сапарымен келіп, оңтүстік аудандардағы шаруалармен кездесті.
Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылында болған басқосуға облыс әкімі Ғали Есқалиев, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Асхат Қайнарбеков және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан жұмыс тобы құрамына енген бірқатар зерттеуші-ғалымдар қатысты.
Кездесуде сөз алған шаруалар Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының халқын мазалап жүрген соңғы жылдардағы табиғи судың тапшылығы, мал азығын дайындаудағы қиындықтыр, киік санының күрт артуы, ауыл шаруашылық жерлердің жетіспеушілігі, қарағайлы орманның жұтауы секілді түйткілді мәселелерін айтты.
Мал баққан ағайынның мұң-мұқтажын тыңдаған министр алдағы уақытта арнайы әр мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, аталған түйткілдерді шешу үшін нақты шаралар қолға алынатындығын ескертті. Сонымен қатар ол биыл оңтүстік аудандарға Ресейден су жіберу мәселесі оң шешімін тапқанын айтты.
Министрдің өңірге сапары туралы материалдың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің келесі санынан оқи аласыздар.
Нұрбек Оразаев,
Бөкей ордасы
zhaikpress.kz