25.05.2020, 14:55
Оқылды: 22

Министр ҰБТ туралы: Бұл өмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітірушілерді Ұлттық бірыңғай тестілеуден қорықпауға шақырды.

57013588-B4C4-44F6-A284-D0DFF69E6F47

«Жақында басым көпшілігіңіз ҰБТ тапсырасыздар. Одан қорқудың ешқандай қажеті жоқ деп сіздерге айтқым келеді. Бұл - тек қана жай сынақ. Оның үстіне бұл өмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі болады», - деді Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жарияланған құттықтауында. Министр «айналадағы адамдар қолыңнан ештеңе келмейді» десе де табандылық пен сабырлылық, күнделікті қажырлы еңбек пен алға қойған мақсаттарыңыз белгілі бір нәтиже әкелетіндігін естен шығармау керектігін атап өтті. «Нәтиже, әрине, өз бетімен келмейді. Ол қателікпен қатар жүреді. Кішкентай кезімізден бізді «қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз» деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым екенін айтқым келеді. Алайда бәрі қателік жасайды. Бастысы - одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет«, - деді министр. Осы ретте ол биылғы жас түлектер Қазақстанның ғана емес әлем тарихындағы ерекше түлектер екендігін баса айтты. «Сіздер жақсы тәжірибе жинақтап, ой түйіп, әлемді жақсартуға үлес қосасыздар деп сенемін. Елге пайдасы тиетін жаңалық ашып, толағай табысқа жететсіздер деп үміттенемін. Сіздер тамаша кезеңде өмір сүріп жатырсыздар. Қазіргі кезең армандайтын, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт. Белгісіздіктер мен өзгерістердің уақытында сіздердің басты құндылықтарыңыз адалдық, әділдік, махаббат, қарапайымдылық пен батылдық болуы керек. Сәттілік серік болсын! Армандарыңызға қол жеткізіп, өмір құндылықтарын естен шығармаңыздар!», - деді Асхат Аймағамбетов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале