27.12.2021, 15:45
Оқылды: 48

Министрлердің айлығы қысқартылған мемқызметшілер есебінен көтерілді ме – Агенттік жауап берді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов министр Асхат Аймағамбетовтің үлкен мөлшерде сыйақы алғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210621122025071a3803315i

«Әкімдер мен министрлердің жалақысы 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін өскенін жақсы білеміз. Былтыр мемлекеттік қызметшілердің саны 25 пайызға дейін қысқарды. Әкімдер мен министрлердің жалақысы осы қысқартылған 25 пайыз мемлекеттік қызметшінің есебінен көтерілді ме?», -деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұл сұраққа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов жауап берді. «Мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру жұмыстары қазір деп жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін 15 пайызға дейін қысқартылады. Келесі жылы 10 пайызға дейін қысқартылады. Ал айлыққа келсек, жергілікті органдарда айлық 90 пайызға көтерілді», - деді агенттік башысының орынбасары. Сондай-ақ, ол ҚР Білім және ғылым министрінің былтырғы сыйақысы туралы пікір білдірді.

«Былтыр министр Асхат Аймағамбетов 15 млн теңге көлемінде сыйақы алды деген ақпарат шықты. Заң тұрғысынан, мемлекеттік қызметшінің этикасы тұрғысынан басшының өзіне осынша сыйақы алуы қаншалықты дұрыс?», - деп сұрады журналист. «Мемлекеттік органда осындай экономия (қаржы үнемдеу– ред.) болса, ондай мүмкін». – деп қысқа қайырды Марат Дәуешов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале