2.04.2022, 14:49
Оқылды: 44

Министрлік елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді

Қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да объектілер құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттерінің өсуі өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

oSTDx4A5F3B9At2QXh9GbONwwo6Hqe66WK8e2bxV

Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірлердегі әкімдіктерімен, даму институттарымен және «Атамекен» ҰКП-мен келісе отырып құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесіп, импортты алмастыратын 35 жоба іріктеп алды.

Аталған жобаларды іске асыру сантехкерамика, жылу оқшаулағыш материалдар, бөлмелер арасындағы есіктер, ДСП, шыны, керамикалық плиткалар, еден жабындары және басқа да сұранысқа ие құрылыс материалдары санатындағы импорт үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министрлік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілер құрылысының қымбаттауының алдын алу үшін қадамдар жасады. Мәселен, құрылыс ресурстары құнының елеулі ауытқуына жедел ден қою мақсатында ведомство құрылыс материалдарының өзекті сметалық бағаларының жинақтары шығарылуда. Бұл бюджеттік объектілердің аяқталмаған құрылыс көлемінің ұлғайып кету тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Орын алып жатқан процестерге байланысты Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылғанын атап өткен жөн. 84 жағдай бойынша құрылыс жұмыстары жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалғаны анықталды.

Құрылыс саласын тұрақты мониторингілеу нысандарды қаржыландыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жүйесіз іс-қимылы осындай қымбаттаудың бірден бір себебі болып табылатынын көрсетеді. Бір нысанды аяқтамай, олар тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруға кіріседі және осы қаражат шегінде құрылыстың аяқталу мерзімін ұзартады. Бұл мердігерлердің өз міндеттемелерін толықтай орындамай, құрылыс жұмыстарының тоқтауына әкеп соғады. Өткен жылы құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты өңірлердің әкімдіктері 641 жоба бойынша құрылыс құнын түзету бойынша өтініш білдірген.

Осыған байланысты ИИДМ Қаржы министрлігіне қаржыландыру мерзімдерін орындау бөлігінде жауапкершілік шараларын қатаңдатуды, сондай-ақ жобаларды түзетуді жеңілдету бөлігінде мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауды ұсынды.

Қабылданып жатқан шаралар елдегі тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысының қарқынын төмендетпеуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале