Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі жазды.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тәжқұранов
- Солтүстік өңірдегі су қоймаларына орта есеппен 59% су жиналды. Айта кету керек, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9%-ға көп. Оңтүстікте су қоймаларына орта есеппен 58% су жиналды. Ал еліміздің батысында жиналған судың көлемі - 77%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% - ға артық. Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60% суға толы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп. Ал Орталық Қазақстанда су қоймаларына 61% су жиналды, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.