6.06.2023, 17:29
Оқылды: 38

Министрлік қазақстандық оқушылардың Қырымға баруына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мектеп оқушыларының Қырымға баруы туралы сұраққа жауап берді. Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, онда өрт және жарылыс болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_113348

Үкімет кулуарында сауалдарға жауап берген басқарма басшысы балалар аман-есен оралғанын атап өтті. Ал алдағы уақытта Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салу көзделіп отыр.

"Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы ата-анасына тапсырылды. Бұл жерде шара ата-аналардың келісімі бойынша өткізілгенін түсіну керек. Бұдан әрі келешекте мұндай жағдайға жол бермеу үшін Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығынсыз және Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің рұқсатынсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отырмыз.

Мұғалім тиісті жазасын алды", - деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале