2.11.2022, 9:15
Оқылды: 43

Министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын жариялады

 Елімізде таяуда іске қосылуы мүмкін жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары ұсынылды. Оның ережелері ашық талқыға шығарылған Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20221102_081922

Ұсынылып отырған ипотекалық бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі 11,5 пайыз көлемінде бекітілмек. Аталған бағдарлама арқылы баспана алатын азамат 20 пайыз алғашқы жарна төлеуі тиіс.

«Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы - 35 млн теңгеге дейін бекітіледі. Ал Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында - 25 млн, Қарағанды қаласында - 20 млн және басқа өңірлерде -15 млн теңгеге дейін қаражат ұсынылады», - делінген бұйрықта.

Қаржы орталық мемлекеттік органдарда тіркелген, лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Ипотеканың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале