4.03.2024, 16:45
Оқылды: 4

Михаил Кукушкин қатарынан екінші рет челленджер турнирінде чемпион атанды

Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады

WhatsApp Image 2024-03-04 at 08.34.18

Фото: ktf.kz

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 156-ракеткасы, 22 жастағы италиялық Маттео Гигантемен бас жүлдені сарапқа салды.

Қарсыластар матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен содан кейін қос брейкке қол жеткізген тәжірибелі Кукушкиннің басымдығы айқын көрініс тапты – 6:2.

Екінші сетте де қазақстандық 2:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Гиганте матчты жалғастырудан бас тартты.

Бұған дейін Манама (Бахрейн) челленджер жарысында үздік шыққан қазақстандық теннисші осымен жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале