Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама көшбасшысы Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды.
Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан болатын. Бүгін еркін бағдарламада жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл.
Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде.
Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).
Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.