26.12.2023, 11:45
Оқылды: 613

Мөде қаған

Ғұн мемлекетінің негізін қалаған Тұман қағанның баласы Мөде қаған шамамен б.д.д 230-174 жылдары өмір сүрген.

01512

Фото: abai.kz

Мөде қаған Ғұн мемлекетінің басын біріктірген тұлға ретінде қытай жазбаларында көптеп қатталған. Ол мемлекетте қатаң тәртіп пен ереже енгізеді және тұрақты мемлекет әскерін құрады. Кейбір деректерде Мөде қағанның әскерінің саны 100 мың адамнан құралды десе, екінші деректер де оның санын 300 мыңға жеткен делінген.

Жалпы ғұндар мен қытайлар арасында жүздеген жылға жалғасқан соғыс болған. Ондағы мақсат өз жерлерін кеңейту және өз билігін үстем ету болған.

Б.д.д 200 жылы Мөде қаған Хань патшасының мұрагері Лю Банды жеңіліске ұшыратып оларды мойындатады. Осылайша Қытай әулеті жылына алым төлеп тұруға келісім жасасуға мәжбүр болады.

Алайда б.д.д 174 жылы Мөде қаған қайтыс болады да ғұн мемлекеті ішінде таққа тартыс күшейеді. Осыны пайдаланған Хань патшалығы араздықты өршітіп ғұн мемлекетінің ыдырауына бар күшін салады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале