17.07.2023, 12:45
Оқылды: 18

Моңғолиядағы тойда бір бапкердің 4 аты қатарынан жүлделі орынға ие болды

Көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақ халқының – жүйрік атқа деген көзқарасы ерекше. Қазақ ежелден іргесіне жүйрік байлап, ас пен тойда бәйгеге қосып, атын алты алашқа жайған халық. Оның дәлелі Ақан серінің – Құлагері, деп жазады janadauir.com.

356555000_6275168082601922_6434785988802141230_n-1000x600

Фото: janadauir.com

Осындай жүйріктер мен оны баптай білетін аңыз адамдар да көп болған. Тіпті аймағымызда да жеті атасынан бері жүйрік баптап, құс салатын өнері бар азаматтар бар. Солардың бірі – Улаанхус сұмын тумасы, белді кәсіпкер, ат бапкері, Шеруші Саңырау – Рысқұл рулы – Байынұлы Сапар.

Бұл азамат осы жолғы тойға тай жарысынан бастап айғыр жарысына дейін 7 ат қосып, 2 аты бірінші келді.  Анығырақ айтқанда жуан ат және құнан жарысынан бірінші, тай және бесті ат жарысынан үшінші болып көмбеге жеткен.

 Осындайда ұлы Абай атамыздың:

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,

Ой желке үңірейіп болса сағақ, -  деген өлең жолдары оралады.

“Ең бірінші жүйрік атты тани білу керек, содан кейін баптау керек. Ат пен спортшының бабы бірдей” дейді әйгілі ат бапкері Сапар Байынұлы .

Ат – адамның қанаты. Қазір көптеген көліктер, автомобилдер мінетіндіктен тұрғылықты жер азаматтары ат ұстау, баптау деген тірліктерден алшақ болады. Алайда, менің аталарым ат баптаудың қыр-сырын жетік меңгерген. Өзіміз де асау үйретіп, жүйрік мінген қыр баласымыз. Қыс бойы 24 жылқыны қолға ұстадым дейді ат бапкері Сапар. Біз бір үлкен команда болып жылдың 12 айында ат баптауға көңіл бөлеміз. Әрине бұған төзімділік қажет. Алдағы мақсатым – жылқы тұяғын сапаландыру дегенді тілге тиек етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале