15.04.2022, 14:39
Оқылды: 41

Мониторингтік топ рейдке шықты

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік осал топтар санатына нысандардың қолжетімді болуын мониторингілеу жұмыстары жүргізілуде. 

0c1b33cd-5f8a-4a7f-bb85-c2c5bf7dc8e0                                

Орал қаласында құрылған мониторингтік топ екі бағытқа бөлініп, қалалық емханалардың (№1, №2, №3, №4, №5, №6 және Uniserv Medical Center) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін тексеру мақсатында рейдке шықты. Топ құрамында мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, облыстық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері және партиялық қоғамдық кеңес мүшелері болды. Рейд барысында мүгедектерге, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған, арбаға таңылған адамдарға арналған емхана кіреберісіндегі аутотұрақ пен пандустардың талапқа сай болуы, ғимарат қабырғаларындағы белгілер мен едендегі жолақтардың дұрыс орналасуы, сыртқы есіктердің қолайлы бағытқа қарай ашылуы тексеріліп, міндетті қызметкерлерге ұсыныстар жасалды.  

0f58d62e-8e43-475d-9aa7-d2ec940a5b13                                                                  

– Мүмкіндігі шектеулі жандарды біреудің көмегіне мұқтаж етпеу үшін олардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасауымыз керек. Сондықтан да қаламыздағы белгілі нысандарда қолжетімді мүмкіндіктер талапқа сай жасалғаны жөн. Жақсы сөз – жанның емі. Келген ем алушыларды әуелі жылы қабылдау керек. Себебі айтылған бір ғана жақсы сөздің өзі олардың алдағы күнге деген сенімін арттырып, денсаулығына оң ықпал етуі әбден мүмкін, – дейді БҚО мүгедектер қоғамының төрағасы Жұмажан Қожжанов.  

6b777b60-149b-4e54-ab3e-37cf84a807fb 

     Аталған ғимараттардың жауапты қызметкерлеріне біршама міндеттер тапсырылды. Мамандардың айтуынша, нысанның есігі пандусқа қарама-қарсы бағытта ашылып, тұтқалардың арақашықтығы 4-6 см, диаметрі 40 мм болуы керек. Сонымен қатар жеке дәретхана, душ кабиналарының есіктері мен тұтқалары стандартқа сай болып, арнайы белгілерін дұрыс орналастыру қажет.   

088d78bc-cbef-415c-b8c7-491d69101802                                                                                                                     

– Әр айдың соңғы аптасында осындай тексерістер дәстүрлі түрде өтіп жүр. Нәтижесінде тұрғындар көп баратын қала емханаларына кемшіліктердің орнын толтыруға ұсыныс білдіреміз. Жалпы, облыс бойынша 1734 және қала аумағындағы 310 нысан бақылауға алынып, жұмыстанып жатырмыз. Негізінде аталмыш ғимараттардың құрылыс жұмыстары басталмас бұрын талаптар ескерілуі керек еді, – деді БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің бас маманы Ақеділ Бекжанов.                                                                                                                                    

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

                                                                  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале