9.01.2025, 15:45
Оқылды: 18

Мопедтер де мемлекеттік тіркеуден өтеді

Былтыр қазан айының 3-і күні Ел Президенті мопедтерге арналған жаңа ереже күшіне енетіні туралы заңнама-лық өзгерістерге қол қойды.

Оның бі­рі – «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заң­намалық актілеріне кө­лік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселе-ле­ріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң. Екіншісі – «Көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республи­касының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы.

hero-hunk-4299909_640

Сурет: pixabay.com

Заңдарда жекелеген көлік құралдары түрлерінің, оның ішінде мопедтердің қозғалысын ұйымдастыру, жол қауіп­сіздігі саласын цифрландыру, белгіленген қозғалыс жылдам­дығынан асып кет-кені үшін әкімшілік құқықбұзушылықтардың жаңа құрамын реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қамтылды. Жаңа өзгерістер туралы облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы ба-стығы­ның орынбасары, полиция майоры Олжас Ибраимовтан сұрап білдік.

Оның айтуынша, жаңа жол қағидалары екі кезеңде күшіне енеді. 2024 жылы  желтоқсанның 4-і күні өз-герістердің негізгі бөлігі іске қосылса, биыл сәуірдің 4-інен бастап мопедтерге қатысты толықтырулар күшіне  енеді.

– Өзгерістер мен толықтырулар ҚР Қылмыстық кодексіне, «Жол қозғалысы туралы» және «Рұқсаттар мен ха-барламалар туралы» заңдарға енгізілді. Қылмыстық кодекске «Басқа  механикалық көлік құралдар»,  яғни мопедтер ұғымына жатқызуға болатын көліктерге қатысты түзету енгізілді. Енді  мопед жүргізушілері арты кісі өліміне ұласқан, денсаулыққа ауыр немесе орташа зақым келтірген жол-көлік оқиғасын жасаған жағдайда, олар басқа көлік құралдарының жүргізушілерімен бірдей жауапкер­шілікке тартылады, – деді май-ор Олжас Ибраимов.

Орташа  жылдамдық  деген  не?

Олжас Әзімбекұлынан жол  қозғалысы туралы заңға енгі­зілген «Көлік құралының орташа жылдамдығы» ұғымы жайында сұрадық.

– Көліктің орташа жылдам­дығын өлшеу аутоматты режімде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Яғни көлік жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жол учаскесінің қашықтығын жүріп өткен  уақытқа бөлу жолымен айқындалады. Көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығын анықтау нәтижелері негізінде ең жоғары жылдамдықтан асып кету дерегі анықталса, жүргізушіге айыппұл төлеу  туралы нұсқама жіберіледі, – деді полиция майоры.

«Орташа жылдамдықты ережеге енгізу неге қажет?» деген сауал да бар. Олжас Әзімбекұлының айтуынша, жол-көлік оқиғаларының көбі жылдам­дықты шектен тыс асыру себебінен болады. 2024 жылы елімізде жылдамдық режімін асыру себебінен 4512 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ол оқиғалардың 41%-ында өлім дерегі тіркелсе, 29%-ында жолаушылар ауыр жарақат алған.

– Былтыр жылдамдықтың асыру салдарынан 1051 адам қаза тауып, 5642 азамат жарақат алды. Қала сыр-тындағы жолдарда көлік апатынан қаза тапқандар көп екенін айтпасақ та, ел біліп отыр. Мұндай жаңашыл-дықты іске асыру сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптар орнатыла-тын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жылдамдық режімінің асып кетуіне байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтады, – деді  О. Ибраимов.

Орташа жылдамдық айнал­ма жолдары жоқ халықаралық және республикалық маңызы бар трассалардың қала сыртындағы және түзу учаскеле­рінде ғана аутоматты түрде есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, енді қала сыртындағы трассалардағы екі камера арасында белгіленген жылдамдықты асырған жүргізу­шіге әкімшілік айыппұл салынады. Орташа жылдам-дық режімін бұзған көлік иелері ӘҚБтК-ның 592-бабы, қозғалыс жылдамдығына байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін, яғни ең кемі 18 460, ең көбі 147 680 теңгеге дейін айыппұл арқалайды.

Мопедтерді  тіркеу  жеңілдетілді

Заңдағы өзгерістердің екін­ші бөлігі мопедтерге қатысты. Биыл сәуірдің 4-інен бастап  мопедтерді мемлекеттік тіркеуге енгізу міндеттеледі. Қа­зіргі кезде ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 50 километрден асатын көлік құралдарын тіркеу міндеттел­ді. Жаңа заңға сәйкес қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және максималды құрылымдық жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын барлық мопед тіркелуі керек.

– Мопед иелерінің уақытын үнемдеу үшін тіркеу жеңілдетілген тәсілмен жүргізіледі. Құжаттар тізбесі де аз. Негізгі талап – көліктің қылмысқа қатысы болмауы және VIN-коды болуы. VIN-коды жоқ болған жағдайда оны әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшелері тағайындайды, – деді О. Ибраимов. Олжас Әзімбекұлы мопедті басқару құқығы «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталатынын, сондай-ақ жүргізушінің «А» және «В» санаттарының болуы мопед басқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан мопедтерді басқаруға құқығы жоқ әуесқойлар осы түзету заңды күшіне енгенге дейін, дәлірек айтсақ, 2025 жылдың сәуіріне дейін аутомектептерде оқып, тиісті санатты алғаны жөн.

Көк  шөлмекке  құмар  болсаң,  көлікке  жолама!

Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы кодекстің 608-бабы бойынша алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару құқығына ие емес және әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға қатысты немесе кодекстің 613-бабы бойынша масаң күйде куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін 7 және 8 жыл ішінде көлік құралын басқару құқығын алу емтиханын тапсыруға рұқсат берілмейді.

Бұған қоса қолданыстағы хабарлама тәртібінің орнына техникалық байқау операторының қызметіне рұқсат беру тәртібі енгізіледі. Мопедтерді мемлекеттік тіркеуге, техникалық байқау операторлары қызметінің рұқсат беру тәртібімен өтуіне қатысты нормалар заң алғаш ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң, яғни 2025 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Полиция майоры аталған  кодекске енгізілген басқа да  түзетулерге ерекше тоқталды.

– Рұқсат етілген, яғни сағатына 40-тан 60 шақырымға дейінгі және 60 немесе одан жоғары жылдамдық бойынша шамадан асырған азаматтар үшін әкімшілік жауап-кершілік күшейтілді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қайтадан бұзғаны үшін қосымша жауапкершілік шаралары енгізіл­ді. Сағатына 60 шақырымнан жылдамдықты асырған жүргізушіге 40 АЕК, яғни 147 680 теңге айыппұл салынады, – деді  О. Ибраимов.

Кейбір  талап  жұмсарды

Көлік жүргізушілері тәулік­тің жарық уақытында шамды (фар) жақпаса немесе дыбыстық сигналды пайдалану ережелерін бұзса, алғашында оларға ескерту беріледі. Ал қолданыстағы нормадан балама жаза ретінде айыппұл алынып тасталады, ол қайтадан бұзылған жағдайда ғана қолданылады.

Техникалық байқаудан жалған өтудің алдын алу, сондай-ақ техникалық байқау орталықтарына қойылатын талаптарды қатаңдату үшін көлік құралдарын тексеру қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдардың мөлшері ұлғайтылды. Егер  шағын кәсіпкерлік субъектісі ол  ережені бұзса, оған 10-нан 50  АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектісіне 20-дан 70 АЕК-ге дейін, ірі кәсіпкерлік субъекті­сіне 30-дан 100 АЕК-ге дейін айыппұл салынады.

Қалай десек те аталған өзгерістер жол қозғалысы қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын мейілінше болдырмау арқылы халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале