21.01.2025, 10:00
Оқылды: 83

Мопедтерді қалай тіркейміз? Министрлік нұсқаулық жариялады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Ішкі істер министрлігі нұсқаулық ұсынады. 

C1

Фото: istockphoto.com

Оларды пайдалану үшін:

  • полицияда тіркелу;
  • А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
  • техникалық тексеру;
  • азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет.

Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттарды ұсынады:

  • жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
  • мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.

Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.

– 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале