24.09.2024, 17:30
Оқылды: 50

Муайтайдан әлем чемпионатында жеті отандасымыз жеңімпаз атанды

Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкокта муайтайдан жөсөспірімдер, жастар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

4FF8788F-7813-4E52-9DB4-EEF1AD6EB454

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Байрақты бәсекеде отандастарымыз өз жанкүйерлерін 7 алтын, 7 күміс және 16 қола медальмен қуантты. Барлығы 110 мемлекеттен 1200-ге жуық спортшы қатысқан сында Қазақстан командасы жалпы есепте 3 орын алды.

  1. Украина – 8 алтын, 9 күміс, 3 қола
  2. Таиланд – 8 алтын, 6 күміс, 8 қола
  3. Қазақстан – 7 алтын, 7 күміс, 16 қола
  4. Филиппин – 7 алтын, 4 қола
  5. АҚШ – 5 алтын, 4 күміс, 7 қола
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале