Мен мұғалім болып жұмыс істеймін және 56 күндік демалысым бар. Мәртебемді жоғалтпау үшін менің ұйымым МӘМС төлемін қалай төлеуі керек?

Ұзақтығы бір немесе бір күнтізбелік айдан асатын ақылы еңбек демалысы кезеңін қамтитын табысты есептеу (есептеу) кезінде аударымдар мен жарналар демалыс күндерінің санына барабар есептелген айлар бойынша бөлініп, демалыс кезеңін қамтитын табыстың біржолғы есептелген сомасынан аударылады.
Яғни, демалыс бірнеше айды қамтыса, төлемдерді МӘМС-ке тиісінше кезеңдер бойынша бөлу қажет.
Мысалы, қызметкер маусымның аяғынан тамыздың басына дейін демалыста болады. Бұл жағдайда бухгалтер төлемдерді бір емес, үш түрлі кезең үшін – маусым, шілде және тамыз айларындағы демалыс күндеріне пропорционалды түрде есептеп, төлеуі керек.
Сымбат Қыпшақбай,
халықты ақпараттандыру және өтініштерді
қарау бөлімінің бас сарапшысы