31.05.2021, 15:27
Оқылды: 42

Мұғалімдердің үздік ондығына бастауыш кәсіподақ атынан сыйақы берілді

«Еңбек бағаланса, еңбек адамының мерейі, еңбек адамының мерейі – кәсіподақ мерейі», - дейді №33 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлден Бабағұмарова.

52980810-D545-4E84-A531-F6340026CF8D

CD74EDFF-FDEC-4EF9-9DD7-DE2FA6797455

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жетекшілігімен 2021 жыл – Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жарияланған болатын. «Теңіз тамшыдан құралады» демекші, бүгінгі кәсіподақ қозғалыстарының бірлік бөлшектері болып отырған да осы – бастауыш ұйымдар. Аталмыш ұйымдардың жұмысын жетілдіріп, белсенділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы әр апта сайын өзінің медиа-ақпарат алаңында өңірдегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн сұқбат алмасып, жағдайларымен танысып отырады. Мақсат – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын дамыту, орталықтандыру, белсенділік деңгейлерін теңестіру. Бүгінгі медиа-алаңның онлайн сұқбатында Орал қалалық №33 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлден Бабағұмарова болды. Қазіргі таңда аталған бірлестікте 57 кәсіподақ мүшесі бар. Осы уақытқа дейін еңбек ұжымында еңбек қатынастарына қатысы ешқандай шиеленістер орын алмаған. Кәсіподақ төрайымы бұл тыныштықты – маман еңбегінің лайықты еленуінен дейді. Кәсіподақ жетекшісі өз сөзінде:

- Ұйымдастырылатын шаралар мен атқарылатын жұмыстар ең бірінші қызметкердің әлеуметтік, денсаулық, құқықтық жағдайларын нығайтуға бағытталады. Тұрақты түрде шипажайларға жолдамалар беріліп, демалыс уақыттарын тиімді өткізу шаралары ұйымдастырылады. Өз еңбегімен көзге түсіп, жетістікке жеткен сала мамандарына кәсіподақ атынан сыйақы тағайындап, қолдау көрсету еңбек ұжымында әдетке айналды, - дейді.

F1CFBD90-302D-49A1-9733-C882DB9F078E

Айта кетейік, оқу жылының қорытындылануына байланысты №33 ЖОББМ кәсіподағының атынан жыл бойы кәсіби байқауларға қатысып, олимпиада және ғылыми жоба жеңімпаздарын дайындап, рейтинг бойынша үздік ондыққа іліккен ұстаздар  марапатталып, сый ақыға ие болды. Ұжымдағы екі мұғалім денсаулықтарын оңалту мақсатында кәсіподақтың қолдауымен Ақжайық және Сарыағаш шипажайларына жолдама алды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале