Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын төрт жылдың ішінде екі есеге арттыру жоспарланып отырғанына тоқталды, деп хабарлады Sputniknews.kz. "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы аясында директорлар мен әдіскерлердің жалақысына қатысты мәселе шешіледі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, материалдық ынталандыру тетігі ретінде бірінші кезекте мұғалімдердің жалақысын төрт жылдың ішінде екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Осы бастамаға директорлар мен әдіскерлер де ілігеді.
"Бүгінде директорлар, олардың орынбасарлары мен әдіскерлердің жалақысы төмен. Олар өздерінің біліктілігіне сай үстемақы алып жатқан жоқ. Сондықтан осы мәселені де заң жобасы аясында шешуді қарастырып отырмыз. Біріншіден, осы әріптестеріміз басқа да ұстаздар сияқты еңбекақысы екі есе көтерілетін тұлғалардың қатарына еніп отыр. Екіншіден, олар өз категориясына сәйкес тиісті үстемақы алады. Ол 30-50 процент шамасында болады", - деді Аймағамбетов мәжілістің пленарлық отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында тағы бір маңызды мәселені шешу көзделген. Ол - колледж мұғалімдерінің категорияларына үстемақы төлеу. Бұдан бөлек, магистр атағы бар мамандар мектепке келсе, оларға 10 айлық есептік көрсеткіш (25 250 теңге - Sputnik Қазақстан) көлемінде қосымша ақы беру көзделген.
"Жалпы, осы нормаларды жүзеге асыру үшін бес жылға 5,3 триллион теңге берілетін болады", - деді Аймағамбетов.
Айта кетейік, мәжіліс депутаттары "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы жобасы 19 баптан тұрады. Негізгі төрт бағыты: