24.08.2022, 17:00
Оқылды: 56

Мұғалімдерге «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады

 Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда ұстаздарға «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісін тағайындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

9e76bcc4585d4a2cbcf3b91eac0f922c

Министрліктің мәліметінше, аталған құрмет белгісі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарға тағайындалады.

Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, мемлекет басшысы педагогтерді қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір министрлік Президенттің тапсырмасы бойынша жалақыны көбейту, мұғалімдерді есеп беруден және міндетіне жатпайтын артық функциялардан босату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық. «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Төсбелгі 25 жылдан астам уақыт бойы ұстаздық еткен мұғалімдерге беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді, – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале