Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға шипажайлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе?
– Ең алдымен, ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
– бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
– ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
– жеке куәлік;
– егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес).
– Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО операторы ақпараттық жүйеден бірден енгізеді. Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді:
– мүгедектігіне байланысты құжаттар;
– жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі;
– қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 10 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Мүгедек азаматқа шипажайлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады.
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ
БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі