7.11.2023, 9:15
Оқылды: 40

Мүгедектікті белгілеу үшін қанша өтінім қаралды?

Он айдың ішінде мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінен 57,5 мыңнан астам өтінім қаралған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

жп астана (5)

Айта кетейік, бұл көрсеткіш куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 28,6%.

2022 жылы сырттай куәландыру бойынша 57,1 мың өтінім қаралған.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асырып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале