Сурет: zakon.kz
Комитет өкілдерінің айтуынша, Салық кодексінің ережесіне сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады, - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында және E-salyq Azamat мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.
Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін e-Salyq Azamat (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.